Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жүргізуші итті неге көлікке байлағанын түсіндірді: Шымкент полицейлері істі сотқа жіберді 23 мамыр 2023, 11:07

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне итті
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне итті байлап алғаны түсірілген видеоға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасы көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтаған.

"Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды. Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған", - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram