03 қыркүйек 2014 | 14:38

Жылдамдықты асырған 50-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Биыл Алматыда жылдамдықты асырғаны үшін 50-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Муниципалдық автобус паркінің (МАП) бастығы Манас Зареров айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл Алматыда жылдамдықты асырғаны үшін 50-ден астам автобус жүргізушісі жазаланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Муниципалдық автобус паркінің (МАП) бастығы Манас Зареров айтты.

Оның мәліметінше, 2014 жылдың сегіз айы ішінде Алматы автобустарының қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы болды. Оның 48-іне қоғамдық көлік жүргізушілері кінәлі. 2013 жылы да автобус жүргізушілері жол-көлік оқиғаларына 68 рет ұшыраған. Биыл МАП-тың жылдамдық тәртібін бұзған 57 қызметкері жазаланды. 43 жүргізуші жол-көлік оқиғасы үшін жауапкершілікке тартылса, 17-сі басқа да себептермен жұмыстан шығарылды. 

Алматы муниципалдық автобус паркінің бастығы автобус жүргізушісі болып жұмысқа орналасу үшін бес жылдан кем емес жүргізушілік тәжірибе және D санатты жүргізуші куәлігі талап етіледі. Жұмысқа қабылданғаннан кейін жүргізушілер белгілі бір мерзімде машықтанудан өтеді. Арнайы тәлімгерлердің дәрісінен кейін барып жаңа жүргізушіге бағытқа шығуға рұқсат беріледі. 

Жуырда муниципалдық автобус паркінде көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі - автобустар жүргізушілердің мойнына бекітіледі. Қазір МАП-та 200 автобус бар. Олар төрт жыл бұрын сатып алынған. Талай рет жөнделгеніне қарамастан, олардың ешқайсысы қолданыстан шығарылған жоқ. Айта кетейік, қытайлық фирма Алматы автобустарына 12 жыл кепілдік беріп отыр.

Ал МАП-тың бұрынғы қызметкері Tengrinews.kz тілшісіне жүргізушілердің техникаға қалай болса солай қарайтынын айтты. "Автобустар тал түсте соғылып жатады, техниканы "өлтіру" үшін бір соққының өзі жетіп жатыр. Жүргізушілер заңбұзушылықтарды жасыру үшін бейнебақылау камераларын әдейі өшіреді. Содан кейін камералар жұмыс істемейді деп жатады. Екі жүргізуші бір автобуста ауысыммен жұмыс істейді. Орындауға берілген жоспар бар. Автобус істен шыққан кезде жүргізуші оны жөндеу депосына апарады, автопарк қызметкерлерімен келіседі, олар бұған жөндеуде тұрған, бірақ жарамды басқа автобусты береді. Жүргізуші өз көлігі болмағаннан кейін оны да әбден титықтатып айдайды", - дейді ол.

Бұрынғы қызметкердің айтуынша, жағдайға мемлекеттік сатып алулар бөлімі де кінәлі. МАП сатып алулар кезінде өндіруші фирманы, көліктің бөлшектері мен майларын көрсете алмайды. Сол себепті тендер негізінде ең арзан материалдар таңдалады, ал олар бірнеше күннен соң-ақ жарамсыз болып жатады.

Еске сала кетейік, өткен шілде айында Алматыдағы жаңа муниципалдық автопарктің ашылуында автобус паркі басшылары нашар жұмысы үшін қала әкімі Ахметжан Есімовтен ұрыс естіген еді. Қала басшысы құқық қорғау органы қызметкерінен автобус жүргізушілері арасында көшеде жарыс ұйымдастыратын маскүнемдер мен нашақорлардың болу себебін сұрады. Есімов автобус жүргізушілерінің мәдениетсіздігін де бетіне басты.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети