2019 жылдың басынан өңірде ыстан 15 адам уланған. Оның ішінде 4 адам оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".
2019 жылдың басынан өңірде ыстан 15 адам уланған. Оның ішінде 4 адам оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".
Облыстық ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының мәлімдеуінше, жылу беру кезеңі басталғаннан бастап, 2019 жылдың 15 қазанынан бүгінгі күнге дейін улы газдан 4 бала уланған.
"Биылғы жылдың 10 айында облыс аумағында 868 өрт тіркелді. Материалдық шығын 268 миллион 330 мың теңгені құрады. Өртте 22 адам қаза тапты, 23 азамат түрлі дәрежедегі жарақат алды. 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт 30 пайызға, материалдық шығын 3,2 есеге, адам өлімі 4 пайызға, жарақат алғандар саны бір деңгейде өскені байқалады. 2019 жылдың 15 қазанынан бастап өңірде жылыту маусымы басталды. Сондықтан улы газдан уланудан адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы ерекше алаңдаушылық тудырады", - дейді ведомство өкілдері.
Өрт статистикасына сүйенсек, өрттің негізгі объектісі тұрғын үй секторы болып табылады және тұрғын үй секторындағы өрттер жалпы өрттердің 61 пайызын құрайды.
Тәжірибе көрсеткендей, улы газдан халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар уланады. Бітеліп қалған мұржа, пештегі жарықтар тұрғындардың тұншықтырғыш газдан улануының негізгі себептері болып отыр.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейдтер өткізу барысында жылыту пештерін көзбен шолып қарау, газ және электр жабдықтарын орналастыру мен пайдалану жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындарға жылыту құралдарын ретке келтіру туралы ұсыныстар берілді. Мамандар 3 мың 554 адамды қамтумен 1 мың 724 үйді аралап шықты.