"Қажет болса, қабірлерді бульдозермен жайпаймыз"

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қажет болса, қабірлерді бульдозермен жайпаймыз" © astanatv.kz

Алматы облысы Райымбек ауылдық округінің тұрғындары зират аумағындағы құрылысқа қарсылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Райымбек ауылдық округінің тұрғындары зират аумағындағы құрылысқа қарсылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, шіркеу ауласы маңындағы жердің иесі пайда болған. Ол осы жерде тұрғын үй салуды жоспарлап отыр екен.

"Олар үй салады. Мұндай зират аумағында, қоғамдық орында, санитарлық аймақ болуы керек. Маңынан 300 метр бос болуы міндетті. Бұл учаскелер қалай сатылған?" - дейді Жаңатұрмыс ауылының ақсақалы Халид Хасанов.

Жердің жаңа иесі зиратқа жақын жерден құрылыс нысанын салуға ниет білдіріп отыр. Қазірдің өзінде зират аумағын қазуды бастаған. Түнде жұмыс істейді. Жақын маңдағы тұрғындардың наразылығына байланысты жұмысқа кедергі жасаса "қабірді жайпаймын" деп қорқытқан.

"Бұл жер кеңес дәуірінде зират салуға бөлінген. Аумағы қоршалған. Олар келіп, қазуды бастап кетті. Олар мұны барлық тұрғын ұйықтап жатқанда, түнде жасайды. Тұрғындар сұрағанда "сіздердің шаруаларыңыз емес. Керек болса, қабірлерді бульдозермен жайпаймыз" деп жауап берді. Мұнысы несі?" - дейді жергілікті тұрғын Ғалымжан Сырлыбаев.

Зират аумағы несиеге кепіл ретінде аукционда сатылғаны белгілі болды. Ауыл тұрғындарының пікірінше, бұл жерді сату - заңсыз.

"Біз енді мәйітті пешке жағамыз ба, әлде не? Шенеуніктер ақшаны ғана ойлайды. Олар заңнан да, Алладан да қорықпайды", - дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Садық Майденов.

Оқиға орнына келген шенеуніктер жер қалай кепілге берілгеніне және қазір кімге тиесілі екеніне жауап бере алмады. Олар бұл мәселені шешуге уәде берді.

"Қазір тұрғындардың өтінішін қабылдаймыз, кадастр бөліміне және жер комитетіне жібереміз", - деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев. 

Шенеуніктердің айтуынша, комиссия бір апта ішінде құрылады. Оған дейін жергілікті тұрғындардан жағдайды ушықтырмауды сұрап отыр. Ауыл тұрғындары қайтыс болған туыстарының тыныштығы үшін тіпті бульдозерлердің астында жатуға дайын екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети