"Еуразия" бірінші арнасындағы "Қалаулым" бағдарламасының қонақтары тікелей эфирде төбелес шығарды. 31 қазанда өткен түсірілімде екі рет жанжал шығып, қонақтар бір-бірімен төбелесуге дейін барды. Осы оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Видеода "әйелжандылық" тақырыбында талқылап отырған кезде қонақтардың бірі екінші бір қатысушы қонаққа жұдырық ала жүгіреді. Ер адам қарсыласын микрофонмен ұрмақшы болады, алайда дәл сол кезде басқа қатысушылар араласып, ажыратып жіберген.
"Қалаулым" жобасы - өмірлік серігін жолықтыруды армандап, отау құрғысы келетін жандар үшін тамаша мүмкіндік. Мұнда өз махаббатын іздейтін, өмірлік серігін жолықтырғысы келетін адамдар кездеседі. Отбасылық құндылықтарға бей-жай қарайтын қатысушылар іріктеу кезеңінде-ақ шығып кетеді. Көрсетілім барысында көптеген қызықты жайттар мен тосынсыйлар орын алады. Екі жастың танысу сәтінен - бастап, шаңырақ көтергенге дейінгі кезеңдері көрерменнің назарында болмақ. "Қалаулымның" алаңында үмітін үкілеген жандардың күндей күлкісі де, жүректі тебірентерлік сезімдері де, қуаныштың немесе күйініштің көз жасы да, риясыз жүрекжарды сөздері де - барлығы бар. Бір сөзбен айтқанда, әрбір көрерменнің жүрегіне жол табарлықтай шынайы жоба. Себебі шоудың басты сценарийшісі - өмірдің өзі. Бағдарламаның жүргізушісі - актриса әрі әнші Аша Матай.