Қамыс арасында қалып қойған аңшы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қамыс арасында қалып қойған аңшы құтқарылды ТЖМ

Жамбыл облысында құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыны құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 наурызда Жамбыл облысы Әулиекөл көлінде аңшыны қайығымен жел қамыс арасына алып кеткен, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласты.

Құтқарушылар арнайы сүңгуір киімдерін киіп, көл ортасында қалып қойған 1959 жылы туған азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолы жансызданған, себебі желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетіп, көлде толқын биіктігі 1-1,5 метрге дейін көтерілген.

ТЖМ ауа райы қолайсыз кезде мүмкіндігінше қандай да бір сапарлар мен жұмыстарды кейінге қалдыруды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети