Қандыағашта полицияға жалған шағым түсірген қыз жауапкершілікке тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қандыағашта полицияға жалған шағым түсірген қыз жауапкершілікке тартылады © Tengrinews.kz

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны қылмыс жасалды деп жалған шағым түсіргені үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны қылмыс жасалды деп жалған шағым түсіргені үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, қала тұрғыны 1 қыркүйекте оны көшеде тонап кеткенін, велосипед теуіп келе жатқан белгісіз біреу оның сөмкесін ұрлап кеткен.   

Тергеу кезінде шын мәнінде ешқандай ұрлықтың болмағаны, ол бұл оқиғаны ойдан шығарғаны анықталған. 

"Сол күні ол жұмыстан шыққан. Артынша танысымен кездесіп, сөзге келісіп қалған. Ер адам оның бетінен ұрып жіберген. Әйел адам ашуланып, көлігінен шығып, сөмкесін ұмытып кеткен. Ашуға булыққан ол сөмкесін ұмытқанын түсініп, әкесіне ұрлықшылар тап беріп, оның сөмкесін алып кеткенін айтқан. Әкесі полицияға шағымданған. Қазіргі сәтте ұрлық бойынша іс жабылды, әйел адамға қатысты жалған шағым түсіргені үшін шешім қабылданады", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети