Алматыдағы Қапшағай көпірінде бүгін, 10 желтоқсанда кешкі уақытта адам өліміне әкеп соққан ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыдағы Қапшағай көпірінде бүгін, 10 желтоқсанда кешкі уақытта адам өліміне әкеп соққан ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Volkswagen Passat жүргізушісінің айтуынша, ол Белинский көшесімен солтүстік бағытта Қапшағайға қарай келе жатқан. Одан оң жағынан Subaru оза бастаған. Жапон көлігінің жүргізушісі осы кезде тізгінге ие бола алмай қалып, тайып, Volkswagen Passat көлігін соққан.
Бұдан кейін Subaru қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан сегіз адам зардап шеккен, олар Subaru жүргізушісі мен жолаушысы, төрт бала және Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы.
Toyota Camry жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Volkswagen Passat жүргізушісі аман қалды.
© "Территория происшествий"