Қапшағайда бір күнде төрт адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Қапшағайда бір күнде төрт адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Ведмоство өкілінің хабарлауынша, 15 шілдеде таңғы сағат 06:00-де, Қапшағай қалалық жағажай су қоймасында, 1990 жылғы келіншек суға батып кеткен.
Кейін сағат 12:00 шамасында қалалық жағажайда 1995, 1998 және 2002 жылғы азаматтар суға батып кеткен. Тағы 15 шілдеде сағат 16:00-де Қызылорданың Көксу өзенінде 1969 жылғы ер азаматтың денесі табылған. Оңтүстік аймақтық әуе-ұтқыр құтқару бөлімшесінің деректеріне сәйкес, ер адам жүзуге рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.