Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болды Видео кадрынан

Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, оқиға 14 наурызда болған. Жарылыс салдарынан металл сынығын саралаушы қаза болды.

"Қабылдау пункті иесінің айтуынша, 13 наурызда кешке белгісіз үш адам (қазіргі уақытта ұсталған) металл сынықтарын алып келгені анықталды, металл арасында жарылмаған оқ-дәрілер болған. Оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіліп, барлық жағдай анықталып жатыр. Металл сынықтарын әкелгендер ұсталды", - деді Қорғаныс министрлігінде.

Бұл снарядтар "Қазақстан" жаттығу полигонынан заңсыз алынған болуы мүмкін. Онда жылына бес мыңға жуық зымыран атылады. Әр оқу кезеңінен кейін (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларында) инженер-сапер тобының құрамы полигонды жарылмаған оқ-дәрілерден тазалап шығады. Дегенмен, жеке фрагменттер басқа жерге түсуі мүмкін.

"Қабылданған шараларға, тыйымдар мен белгілерге қарамастан, жекелеген "металл сынықтарын жинаушылар" тыйым салынған аумаққа заңсыз кіріп, оқ-дәрілер жинайды. Өз кезегінде, жинау пункттері әскери полиция органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан, оларды заңсыз алады", - деді ведомствода. 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ведомство бірнеше рет тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін (бүлдіретін) металл сынықтарын, өзге де әскери және басқа заттарды қабылдауға тыйым салатын заңнамаға өзгертулер енгізгенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметтің осы түрін лицензиялау бастамасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, бүгінде ол әлі реттелмеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети