16 тамыз 2021 | 09:28

Қапшағайда полицейлер соққыға жыққан кафе күзетшілері оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kapshagai Info © Kapshagai Info

Қапшағай қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан Del Mare кафесінің күзетшілері жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YouTube-тағы Kapshagai Info-арнасында жарияланған видеоға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қапшағай қаласында полиция қызметкерлері соққыға жыққан Del Mare кафесінің күзетшілері жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YouTube-тағы Kapshagai Info-арнасында жарияланған видеоға сілтеме жасап.

Еске салайық, халықтың наразылығын тудырған оқиға 2021 жылдың 11 тамызына қараған түні болған. Қапшағайдағы Del Mare ойын-сауық кешенінде бірнеше полиция қызметкері осы мекеменің екі күзетшісін ұрып-соққан. Оқиға сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп, кейін кадрлар әлеуметтік желілерде таралды. 

Күзетшілердің айтуынша, жанжал ойын-сауық кешені қызметкерлері полицейлерге мекеме жабылатыны туралы айтқан соң басталған. Бұл полицицейлерге ұнамаған көрінеді. Олар банкетті жалғастыруды талап еткен. Күзетшілер тағы да мекемеден кетуді сұрағанда, полицейлер оларды сыртқа шығарып, ұра бастаған.

"Del Mare кафесінде күзетші болып жұмыс істеймін. 10 тамызда полиция қызметкерлері демалуға келді. Олар мас болатын, біз жабылып жатқандықтан кетуді сұрадық. Олар бізге дөрекі сөйледіп, далаға шығуымызды сұрады. Шыққан сәтте күтпеген жерден жұдырық жұмсап, төбелес басталып кетті", - деді зардап шеккендердің бірі.

Екінші күзетші серіктесі соққыға жығылғаннан кейін, газ шашқанын айтты.

"Төбелес басталды. Кейін қашып кеттік те күзет бастығын шақырдық. Ол сыртқа шығып, сөйлесіп, жағдайды реттеді. Сол жерде олар автоматтарын шығарды, бәрі видеода бар", - деді екінші күзетші.

Сондай-ақ, кафеде мас күйде төбелес шығарған полиция қызметкерлерінің бірі 2019 жылы Қапшағай қаласындағы Samruk Holl мейрамханасында болған осыған ұқсас оқиғаға қатысқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері қаладағы кафелердің бірінің күзетшілерімен төбелескені үшін жұмыстан босатылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети