Қапшағайда шөп арасынан жаңа туған нәресте 3 шілдеде, "Құрылысшы" саяжай кооперативінде табылды. Бұл туралы "Бухта Қапшағай" порталы қалалық білім беру бөліміне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қапшағайда шөп арасынан жаңа туған нәресте 3 шілдеде, "Құрылысшы" саяжай кооперативінде табылды. Бұл туралы "Бухта Қапшағай" порталы қалалық білім беру бөліміне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі мен білім бөлімінің қызметкерлері нәрестені құтқару мен оның анасын іздестіру бойынша шаралар жүргізді.
Жедел жәрдем дәрігерлері нәрестені Қапшағайдың ауруханасына жеткізіп, женсақтау бөліміне жатқызды. "Нәресте - азиялық түр-сипаттағы қыз бала, суықтап қалған, мерзіміне жетпей туған белгілері бар, жағдайы ауыр", - деп хабарлады дәрігерлер.
Бұл оқиға туралы немесе нәрестенің анасы жайлы мәліметі барлардан +7(72772) 4-71-04, 4-68-41 немесе 102 номеріне хабарласу сұралып отыр.