Қарағанды - Астана пойызында жаппай төбелес болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қарағанды - Астана электр пойызы. ©nv.kz Қарағанды - Астана электр пойызы. ©nv.kz

Қарағанды - Астана бағытындағы электр пойызда жаппай төбелес болып, соның салдарынан бір жасөспірім қыз қолын сындырып алды, бір жігіт оңбай таяқ жеді. Бұл туралы "Новый вестник" оқиға куәгеріне сілтеме жасап хабарлайды. Төбелес кезінде төрт айлық сәби жарақат ала жаздады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды - Астана бағытындағы электр пойызда жаппай төбелес болып, соның салдарынан бір жасөспірім қыз қолын сындырып алды, бір жігіт оңбай таяқ жеді. Бұл туралы "Новый вестник" оқиға куәгеріне сілтеме жасап хабарлайды. Төбелес кезінде төрт айлық сәби жарақат ала жаздады.

"Астанадан қарағандылық отбасы мінді. Ерлі-зайыпты, төрт айлық сәби және 14-15 жастағы жасөспірім қыз. Олардың қасында бір топ жас қыз карта ойнап, шулап отырды. Олардың әрекетінен сәби ұйықтай алмай, жылай берді. Ер адам қыздарға ескерту жасады, қыздар оған құлақ аспай, керісіп, одан сайын шулай бастады", - дейді куәгер Гүлмира.

Сәбидің анасы дәретханаға шыққан кезде, дөрекі қыздар оны аңдып тұрды. "Келіншекті тамбурда бес қыз күтіп алды. Олар әйелді қатігездікпен ұрып-соға бастады. Жолаушылар араша түспек болды, бірақ қыздар тамбурдың есігін жауып алды. Келіншектің күйеуі жүгіріп келіп, қыздар тұрған жерге өтті де, есе қайтарды", - дейді куәгер.

Гүлмираның айтуынша, жолаушылардың билетін тексерген контролерлер бәрін сабырға шақырғанымен басқа ешқандай шара қолданбады. "Жолаушылар бұл оқиғадан қатты шошынды. Осакаровта полицейлер мініп, бәрінен жауап алды. Қыздардың бірі біреуге қоңырау шалып, өзінің таяқ жегенін айтты. Негізінде, төбелесті бастаған өзі болатын. Станцияға тоқтаған кезде бандиттер кіріп келді. Қыздың өзі әкесінің бандит екенін айтқан еді. Олар сәбидің әкесін ұра бастады, біреуі кішкентай баланы іздеді. Жолаушылар қорқып, сәбиді дәретханаға жасырды. Мен өз көзіме өзім сенбеймін", - дейді қыз.

Куәгердің айтуынша, пойыз Қарағандыға келген кезде оқиғаға полицейлер араласты. Желілік ішкі істер басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары Жасұлан Жамбырбаев оқиғаны растады. "Қазіргі кезде тараптардың ымыраласуына байланысты іс тоқтатылды", - деп хабарлады ол.

Гүлмира теміржолда жолаушылардың мұндай қауіпке бас тігетініне наразылық білдірді. "Біз автобуспен бармай, қауіпсіз деп электричканы таңдаған едік. Бәрі керісінше болып шықты. Егер жолаушылар өзімен-өзі қалып, ашуға берілсе, оларды ешкім тоқтата алмайды екен. Станцияларда полицейлер келмейінше, жағдайдан ешкім құтқармайды", - дейді Гүлмира.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro