Қарағанды - Астана тас жолында "ВАЗ" автокөлігі жолаушылар тасымалдайтын SETRA S 315 HD автобусымен бетпе-бет түйісіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының "Жедел медициналық жәрдем" қызметіне сілтеме жасап. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, олардың арасында жүкті әйел де бар.

Жол апаты 24 желтоқсан күні таңертең Қарағанды - Астана тас жолында болды. Дәрігерлердің мәліметінше, "ВАЗ"-дың 78 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соғылды. "12 жолаушысы бар рейс автобусы Астанаға бара жатқан. Оның үш жолаушысы жеңіл жарақат алды. Сонымен бірге, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен зейнеткер жүргізуші мен оның әйелі де адам өміріне қауіпсіз жарақат алды, ал олардың жүктіліктің соңғы айындағы немересі "толғақ" диагнозымен шұғыл түрде перзентханаға жеткізілді", - деп хабарлайды "Жедел медициналық жәрдем" қызметі.
Қарағанды - Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасын құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Айта кетейік, 17 желтоқсан күні Қарағанды мен Қарқаралы аралығындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, он адам зардап шеккен еді. Бұқар жырау ауданындағы жол учаскесінде Audi 80 маркалы автокөлік Audi 100 машинасымен бетпе-бет соқтығысқан.