Қарағандыда үш жасар баланың аузы күйіп емханаға түскен. Бала абайсызда сірке суын ішіп қойған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда үш жасар баланың аузы күйіп емханаға түскен. Бала абайсызда сірке суын ішіп қойған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға 26 ақпанда қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған.
"Шамамен сағат 18.00 жеке балабақшаның күзетшісі асүйден шығып келе жатқан баланы көрген, одан сірке суының иісі аңқып тұрған. Сол уақытта жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, бала анасымен бірге емханаға жеткізілген. Балабақшаның директорының айтуынша, ол баланың анасы мекемеде аспаз ретінде жұмысқа тұру үшін тағылымдамадан өтіп жүр екен және оның балалары осы балабақшаға барады. Сол күні баланың анасы үйіне азық-түлік алған, оның ішінде сірке суы болған. Кешкі уақытта анасы бірінші баласына бара жатқан кезде екінші баласы асүйге кіріп кеткен", - деді балабақша қызметкерлері.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері баланың жағдайы тұрақты екенін айтты.
"Балаға ауыз қуысы күйді деген диагноз қойылды, ол облыстық балаларға арналған емханаға жатқызылды. Баланың қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Ол өздігімен тамақтанып жатыр. Керекті медициналық көмек жасалып жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі Айжан Иса.