25 мамыр 2017 | 13:16

Қарағанды балабақшасындағы сұмдық жағдайдың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Мекеменің директоры мен әдіскеріне педагогтардың қызметіне бақылау жүргізбегені үшін сөгіс жарияланды. Осы дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды қалалық білім бөліміне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда бүлдіршінге қатыгездік көрсеткен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Мекеменің директоры мен әдіскеріне педагогтардың қызметіне бақылау жүргізбегені үшін сөгіс жарияланды. Осы дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды қалалық білім бөліміне сілтеме жасап. 

Бүлдіршінді ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео Instagram желісінде Denisa Denski деген блогердің парақшасында жарияланды. Видеоны бірнеше сағаттың ішінде 10 мың адам қараған.

Видеоның кадрларынан мектеп жасына дейінгі балалардың орындықта отырғанын көруге болады. Олардың маңында тәрбиеші отыр. Педагог балалардың қолдарын тексеріп жатады да, бір баланы құлағынан ұстап, тартып қалады. Баланы тізерлетіп отырғызған әйел оны бірде тұншықтырып, бірде шымшып алады. Сосын оны қасындағы орындыққа отырғызады. 

Қалалық білім бөліміндегілер оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ресми мәлімет бойынша, бұл видео "Балақай" балабақшасында түсірілген. Видеодағы тәрбиеші жұмысын жалғастыруға жатпайтын адамгершілікке жат қылық көрсеткені үшін жұмыстан шығарылған. Ол бұл мекемеде 7 жылдай уақыт жұмыс істеген. 

"Білім бөлімі "Балақай" балабақшасының тәрбиешісінің балаларға қатысты қатыгездік көрсету дерегі бойынша былай деп түсінік береді: ата-аналардың шағымынан кейін балабақша директоры ішкі қызметтік тексеріс жүргізді, нақты айтқанда видеобақылау камерсына түсірілген кадрлар қаралды, тәрбиешіден түсініктеме алынды, ата-аналар жиналысы өткізілді. Өкінішке қарай, бұл дерек расталды. Видеоматериалдар ата-аналарға берілді. 2017 жылдың 24 мамырында тәрбиеші адамгершілікке жат қылық жасағаны үшін 52-баптың 14-бөлігі бойынша жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Білім бөліміндегілер әдіскер мен директордың да жазаланғанын хабарлады. Оларға қатаң сөгіс жарияланыпты. Енді бұл іспен құқық қорғау органдары айналысады. Балабақша директоры осы дерек бойынша материалдарды полицияға берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети