Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты Видеодан алынған кадр

Қарағанды-Балқаш тасжыолндаа Lexus ES-300 пен Nissan Juke соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Балқаш тасжыолндаа Lexus ES-300 пен Nissan Juke соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 10 тамызында Қарағанды облысының Бектау ата ауылынан 10 шақырым жерде болған. Алдын ала келіп түскен ақпараттар бойынша, Lexus ES-300 жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыстың жолына шығып, алматылық Nissan Juke көлік жүргізушісіне барып соғылған. 

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде таралған.

 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus ES-300 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы және Nissan Juke көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары алған түрлі жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Nissan Juke-тың екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети