12 қазан 2021 | 09:04

Қарағанды маңында жантүршігерлік апат болып, үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/dorogi_karagandy © instagram/dorogi_karagandy

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Абай-Шахтинск тас жолында Агрогородок ауылының маңында болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады.

© instagram/dorogi_karagandy

Алдын ала мәліметтер бойынша, 19 жастағы жүргізуші басқарған Lada Priora автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып, "Нивамен" соқтығысқан.

Апат салдарынан Lada Priora көлігінің 18 жастағы жолаушысы мен "Ниваның" 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші, Lada Priora көлігінің тағы екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі, 18 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болды. 

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деді Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети