Қарағанды маңында көлік пен пойыз соқтығысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды маңында көлік пен пойыз соқтығысты Көрнекі сурет

Қарағанды маңындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты. Оқиға салдарынан бес адам жарақат алды. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды маңындағы теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты. Оқиға салдарынан бес адам жарақат алды. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

"Қарағанды — Сортировочная — Құлайғыр" учаскесінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Алдын ала деректерге сәйкес, Audi көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне қарамастан теміржол өткеліне жүріп кеткен. Сол сәтте осы бағытта жүріп келе жатқан жүк пойызы көлікті соққан.

"Соққы салдарынан 35 жастағы жүргізуші мен оның төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алып, шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізілді", — деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір олардың жағдайын дәрігерлер қарап жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық қатысушыларының әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беру мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети