©emsc-csem.org
Қарағанды маңында магнитудасы 4,8 балл жер сілкінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмология орталығына сілтеме жасай отырып.
Қарағанды маңында магнитудасы 4,8 балл жер сілкінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмология орталығына сілтеме жасай отырып.
Орталықтың хабарлауынша, 21 маусым күні Астана уақыты бойынша 12.30-да Қарағандыдан 26 шақырым, Астанадан 206 шақырым, Абай қаласынан 7 шақырым жерде жер сілкінген. Магнитудасы 4.8 балл, тереңдігі – 40 шақырым.
Қазақстанның ТЖМ 2014 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында сілкініс сезілді деп хабарлады. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.