01 сәуір 2017 | 14:00

Қарағанды облысында 14 адам отырған УАЗ өзенге түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында УАЗ көлігі өзенге түсіп кетіп, екі адам қаза тапты. Тағы бір адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында УАЗ көлігі өзенге түсіп кетіп, екі адам қаза тапты. Тағы бір адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай түнгі уақытта Қарқаралы ауданы Бесоба ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, УАЗ 220695-440 маркалы көліктің жүргізушісі өзен суының тасуына байланысты көлік тізгінін игере алмаған. Содан көлік қар суы ағып жатқан өзенге қарай құлап кеткен.

Жол апаты кезінде көлікте 14 адам отырған. Олардың ішінде кәмелетке толмаған үш бала бар. 11 адам көліктен өз бетінше шыға алған. Ал қалған үш адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Кейінірек сүңгуірлер екі адамның мәйітін тапқан. Олардың кім екені әзірше белгісіз. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық ТЖД бұл деректі растады. Ресми мәліметтерге қарағанда, сол өзендегі су деңгейі 10-15 сантиметрге дейін жеткен.

"Бұл жолмен жүруге тыйым салынған. Ауылда басқа айналып өтетін жол бар. Көлік неліктен сол жабық жолмен жүргені белгісіз. Судың деңгейі 10-15 сантиметрден аспайды. Сондықтан да мұны ірі жол апаты деп айта алмаймыз. Бізден төтенше жағдай болған жерге алты адам барды. Онда екі адамның мәйіті табылды. Үшінші адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың кім екені әзірше анықталмады", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, көліктен шыға алмағандардың қатарында 1961 жылғы жүргізуші мен оның 1994 жылғы ұлы және тағы бір жасөспірім бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети