Қарағанды облысындағы Абай қаласында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысындағы Абай қаласында 15 жастағы қыз бесінші қабаттан құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өз-өзіне қол жұмсау дерегі 30 қазанда болған. Жасөспірім қазіргі уақытта Мақажанов атындағы клиникада жатыр.
"2002 жылғы қыздың миы зақымданған, жамбасы сынған, бірақ жағдайы тұрақты және қазіргі уақытта жалпы палатада жатыр. Барлық қажетті емдеу шарасы жасалып жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.
"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша бірыңғай реестрге тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталды", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.