Қарағанды облысында 33 елді мекенді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ішкі басқармасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 33 елді мекенді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ішкі басқармасына сілтеме жасап.
Барлық елді мекендерде қорғау бөгеттері салынып жатыр, байқау посттары қойылды, үйлерден су әкету шаралары жүріп жатыр, қорғаныс бөгеттері көтеріліп жатыр. "Селге қарсы жұмыстарға жергілікті атқару органдарын, ТЖ департаментін, ішкі істер департаментін, әскери бөлімдерді қосқанда 1500-ден астам адам және 300 дана техника жұмылдырылды, - делінген Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының хабарламасында.
Облыс әкімі Нұрмұхамед Әбдібековтың бұйрығымен облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Осындай штабтар әр елді мекенде жұмыс істеу үстінде. "Бұл жағдай облыс әкімінің ерекше назарында. Жүргізілген шаралар жайында сағат сайын мәлімет баяндалып отырады. Жергілікті атқарушы органдар, ТЖ департаменті, ІІД, әскери бөлімдердің күшімен 4070 адам мектеп пен қонақ үйлердің ғимараттарынан эвакуацияланды. Көптеген азаматтар туыстарының үйіне жеткізілді, өзге елді мекендерде тасымалданды. 2578 ірі қара мен 1280 ұсақ қара мал және 153 жылқы қауіпсіз жерге айдалды", - деп хабарлады ішкі саясат басқармасындағылар.
Су тасқынынан зардап шеккендер есепке алынды. Ішкі саясат басқармасының өкілдері барлығына материалдық көмек көрсетіледі. Осыған дейін апаттың алдын алуға әскерилердің жұмылдырылғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суының басып қалғаны хабарланған болатын. Осыдан кейін тасқын жағдайы еліміз бойынша Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында сақталып отырғаны белгілі болды.