Қарағанды облысында 4 мың гектар жерді өрт шалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 4 мың гектар жерді өрт шалды Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында 4 мың гектар жерді өрт шалды. Өртсөндірушілер табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 4 мың гектар жерді өрт шалды. Өртсөндірушілер табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала жануы тіркелген. Жалпы аумағы 142 гектарда өрт сөндірілді.

Өртсөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шыққан аумақ 4 000 гектар.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам және 66 техника.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети