Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан бес полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасының дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Бес полицей ұшыраған апаттың Сәтбаев пен Жезқазған қалаларының арасындағы жолда 15 тамызда болғаны хабарланып отыр. Оқиғаның алдын ала себебі деп алдыңғы оң жақ дөңгелегінің жарылуы аталып отыр. Салдарынан "ВАЗ-21214" арнайы машинасы аударылып кетті. "Автомашина салонында бес полицей болды, барлығы қызметте жүрген. Зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.