Қарағанды ​​облысында адамдар мінген автобус жолдан шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында адамдар мінген автобус жолдан шығып кетті видео кадры

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы қатты желдің салдарынан аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы қатты желдің салдарынан аударылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар Бастау-Ақтау-Теміртау автожолында, Бұқар жырау ауданына қарасты Петровка ауылының маңында болған. №84 автобус Ботақара-Қарағанды бағыты бойынша жүріп келе жатқан.

Полиция департаменті мәліметінше, апат қатты желдің әсерінен болған. Жел автобусты жолдан тайдырып, ол аударылып кеткен.

"Оқиға кезінде автобуста 17 жолаушы болған. Бақытымызға қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері жолаушыларға қажетті көмек көрсетіп, оларды үйіне жеткізу үшін көлік ұйымдастырды", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қарағанды облысында әлі де ескерту күшінде. Облыстың басым бөлігінде боран соғып тұр. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерден тыс жерлерге барудан, сапарлардан бас тартуға және жолдардың жабық учаскелерінде көлік құралдарын жинамауға кеңес береді. Қазіргі уақытта облыста алты жол учаскесі жабық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети