Қарағанды ​​облысында адамдарға қасқыр шапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: znanie-svet.ru Фото: znanie-svet.ru

Қарағанды ​​облысы Қарқаралыда қасқыр үш адамға шабуыл жасады. Зардап шеккендер ауруханаға жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысы Қарқаралыда қасқыр үш адамға шабуыл жасады. Зардап шеккендер ауруханаға жүгінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарқаралыда қасқырдың адамдарға шабуыл жасағаны туралы ақпарат таңнан бері тарап жатыр. WhatsApp топтарында жергілікті тұрғындар бір-біріне балаларын мектепке жалғыз жібермеуді сұрап хабарламалар жіберіп жатқаны айтылды.

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге жыртқыш тістеп, әртүрлі дәрежеде жарақат алған үш адам келгенін растады.

"Бір әйелді бірнеше жерінен тістеп алған, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Барлық жарасы емделді, құтыруға қарсы екпе алды және амбулаторлық емделуге шығарылды", - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Қарқаралы ауданының әкімдігі жағдай әкімнің жеке бақылауында екенін хабарлады. Ауданда адамдарға шабуыл жасаудың жаңа жағдайларын болдырмау үшін полиция қызметкерлері, ветеринарлар және төтенше жағдайлар мамандары арасынан ведомствоаралық топ құрылды.

"Ведомствоаралық топ қасқырды іздестіріп жатыр. Мектептер мен басқа да оқу орындарының жанынан күзет бекеттері қойылды", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция ветеринария органдарымен бірлесіп жыртқыш жануарды жою шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro