09 қыркүйек 2014 | 15:32

Қарағанды облысында әкімдік қызметкері жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан әкімдік қызметкері және оның досы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты Шахтинск қаласында болған, тағы екі адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан әкімдік қызметкері және оның досы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты Шахтинск қаласында болған, тағы екі адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. 

Қарағанды облыстық "Жедел медициналық жәрдем" станциясы мамандарының айтуынша, бұл оқиға 9 қыркүйек күні таңертең Шахтинск қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. "Mazda көлігі дәл жолдың ортасында аударылып кеткен. Автокөліктен 22 жастағы жүргізушінің мәйіті шығарылды. Ал үшін жігіт біздің жансақтау бөлімімізге жеткізілді. Оның ішінде отырған Шахтинск қаласы әкімдігінің қызметкері қаза болды. Ал басқа екі жолаушының жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр", - дейді "Жедел медициналық жәрдем" станциясының дәрігерлері. 

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасы жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуынан болған. "Жігіттер туған күннен қайтып келе жатқан. Олардың мас күйде болған-болмағандығы маған белгісіз", - дейді зардап шегушілердің бірінің колледжде оқитын қарындасы. Бұл фактіге байланысты "Жол қозғалысы ережесін бұзып, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети