03 наурыз 2015 | 09:50

Қарағанды облысында автобус пен КамАЗ-дың соқтығысуынан алты адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©auto.gazeta.kz ©auto.gazeta.kz

Қарағанды облысында автобус пен КамАЗ бетпе-бет соқтығысып, салдарынан алты адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше оқиға Қарағанды - Балқаш тас жолында 2 наурыз күні кешкісін болды.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында автобус пен КамАЗ бетпе-бет соқтығысып, салдарынан алты адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төтенше оқиға Қарағанды - Балқаш тас жолында 2 наурыз күні кешкісін болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі. "Балқашқа бара жатқан КамАЗ-дың жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты. Сонымен бірге, автобустың жүргізушісі, онда отырған ер адам мен әйел адам және үш жасар бала қайтыс болды. Салонда барлығы 15 адам болған. Үш адамға медициналық көмек қажет болды. Автобус жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтыққан", - дейді жол-патруль полициясы қызметкерлері. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кетейік, Қарағанды облысында ірі жол апаттары азаймай тұр. 2014 жылы облыстағы көлік жолдарында 210 адам қаза тапты. Бұл - Қазақстан бойынша жол апаты құрбандарының жалпы санының 8,4 пайызы. Республика бойынша жол апаттарынан барлығы 2,5 мыңнан астам адамның өмірі қиылған. Қазақстанда өткен жылы 20 378 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олар 29 219 көліктің қатысуымен болды. Оның 1124-і - автобус, 1042-сі - жүк көлігі. 18 923 жол апаты жүргізушілердің кінәсінен болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети