Қарағанды облысында болған жол апатынан Байжанов атындағы академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында болған жол апатынан Байжанов атындағы академиялық оркестрдің әртісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 20 қараша күні Қарағанды-Қарқаралы тас жолында, Ботақара ауылынан екі шақырым қашықтықта болды. Музыканттар мінген Volkswagen Golf автомобилі қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.
Оқиғаның салдарынан Golf жүргізушісі, музыкант Әлібек Сәрсембеков және жолаушы, яғни оркестр мүшесі ауруханаға жеткізілді. Үшінші жолаушы әртіс Арман Қадырбек алған жарақаттарынан қаза тапты. Сонымен қатар, Volkswagen Passat жүргізушісі мен оның 67 жастағы туысы ауруханаға жеткізілді. Қарағанды облысы ІІД мәліметінше, осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.