ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2021 | 14:28
Қарағанды облысында дала өртенді: зардап шеккендер бар
Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Зардап шеккендер Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. Олардың бірінің жағдайы ауыр, денесінің 90 пайызын күйік шалған.
Бір күннің ішінде құтқарушылар 6 дала өрті мен өрт шығу ошақтарын жойған. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 3 мың гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 300-ден аса адам мен 90-нан аса техника жұмылған.
Айта кетейік, биыл шілдеде Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал қырылып қалғаны хабарланған еді. Бұл - тұрғындардың жалғыз табыс көзі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также