05 шілде 2021 09:51

Қарағанды облысында жүздеген мал өлігі мен ер адамның мәйіті табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Куәгерлерден алынған Фото: Куәгерлерден алынған

Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал қырылып қалды. Бұл тұрғындардың жалғыз табыс көзі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал қырылып қалды. Бұл тұрғындардың жалғыз табыс көзі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео және суреттер әлеуметтік желілерде жарияланады. Etozhez-паблигінің ақпараты бойынша, Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында ғана 300 жануар өлгені белгілі.

"Зардап шеккен ауылдар: Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және басқалар. Ауыл тұрғындары бұл жағдайға назар аударылып, мәселені шешу жолдары қаралғанын қалайды", - деп жазылған пабликтегі жазба сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Қарағанды облысының ТЖД-сы жағдайға түсінік берді. Ведомство мәліметі бойынша, 4 шілдеде Қарағанды облысы аумағында 12 табиғи өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі өрт ошағы және алдын ала жалпы ауданы 263 гектар болатын 10 өрт шыққан орын анықталған.

Жексенбі күні кешке Ұлытау ауданындағы екі ауылдық округі аумағын бақылау аралау кезінде жергілікті тұрғындар Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде өртенген УАЗ автокөлігін тапты, оның жанында 1998 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Қаза тапқан адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және өрт сөндіруге тартылмаған. Ер адамның қайтыс болуы себебін Ұлытау ауданының ПБ қызметкерлері анықтайды.

Жангелдин ауылдық округінің "Әбдібеков" ШҚ аумағынан өртеніп кеткен 200 бас ұсақ мал және 10 бас ІҚМ табылды.

Табиғи өртті жоюға барлығы 298 адам және 77 техника, оның ішінде өртке қарсы ерікті құрама жұмылған.

Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети