05 шілде 2021 11:33

Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ұлытау ауданында дала өртінің шығуына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлытау ауданында дала өртінің шығуына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлытау ауданында дала өрті салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Өкінішке қарай, ер адамның мәйіті табылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 200-ден аса мал қырылды.
Қазіргі уақытта өңір бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 техника, ТЖД-ның 350-ден аса қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жатыр", - деді Қасымбек.

Қарағанды облысы әкімінің мәліметі бойынша, 15 өрт ошағынаң 10-ы жойылған. Дала өртінің екі ошағы мен бес өрт шығуы мүмкін жер бақылауға алынған.

"Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді ұйымдастыруға "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы бөлінді, операцияны менің орынбасарым Шайдаров басқарады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында дала өрті салдарынан ер адам қаза тауып, жүздеген мал қырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети