09 шілде 2021 14:37

Қарағанды облысында шаршап ұйықтап жатқан өртсөндірушілердің суреті тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде ауыр жұмыстан кейін жерде демалып жатқан өртсөндірушілердің суреті жарияланды. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында сегіз тәулік дала өртенді, осы уақытта өртсөндірушілер тынбай еңбектенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. 

8 шілдеге қараған түні облыстық ТЖД өкілдері аудандағы барлық өрт ошағы сөндірілгенін хабарлады.

Өртті сөндіруге 540 адам мен 70 техника жұмылды. Алғашқы күндері жалынды сөндіруге жел кедергі болған. Ол басылған соң үлкен ошақтарды оқшаулауға мүмкіндік туған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Еске салайық, жүздеген ірі қара малдың қырылып қалуына себеп болған өрт туралы 4 шілдеде мәлім болды. Облыстық ТЖД өкілдері Ұлытау ауданы аумағындағы 12 табиғи өрт ошағы мен жалпы ауданы 263 гектар жанып жатқан 10 даланы бақылауға алынғанын хабарлады. Өрт салдарынан 200 бас ірі қара мал қырылды.

Сондай-ақ, далада ер адамның көлігі мен күйген денесі табылды. Кейін марқұмның туыстары жігіттің есімі Бейбарыс Ескендір екенін, ол құтқарушы мамандығында оқығанын, туған ауылына жақын маңдағы өртті сөндіруге өз еркімен барғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети