18 қыркүйек 2021 14:28

Қарағанды облысында дала өртенді: зардап шеккендер бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағанды ​​облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. Олардың бірінің жағдайы ауыр, денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Бір күннің ішінде құтқарушылар 6 дала өрті мен өрт шығу ошақтарын жойған. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 3 мың гектар аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге 300-ден аса адам мен 90-нан аса техника жұмылған.

Айта кетейік, биыл шілдеде Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал қырылып қалғаны хабарланған еді. Бұл - тұрғындардың жалғыз табыс көзі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети