Қарағанды ​​облысында екі баланы ит талады: біреуі қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында екі баланы ит талады: біреуі қайтыс болды Иллюстрациялық фото: infovoronezh.ru

Қарағанды ​​облысында екі баланы ит қауып, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында екі баланы ит қауып, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды. Оқиға 1 сәуірде болған. Бұл туралы ақпарат Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Ақтоғай ауылында ит шабуылынан зардап шеккен 3 және 5 жастағы екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.

"Полицейлер жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген 3 және 5 жастағы екі ұл балаға байлаусыз жүрген ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, 3 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды", - деді Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети