31 тамыз 2017 11:39

Қарағанды облысында ғашық жұп із-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті туыстары жіберді Суретті туыстары жіберді

Қарағанды облысындағы Абай қаласында екінші тәулік бойы 2004 жылғы Анастасия Курчатова іздестіріліп жатыр. Қыз бала үйінен 29 тамызда шамамен 17:00-де шығып кеткен және осы күнге дейін ол туралы хабар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысындағы Абай қаласында екінші тәулік бойы 2004 жылғы Анастасия Курчатова іздестіріліп жатыр. Қыз бала үйінен 29 тамызда шамамен 17:00-де шығып кеткен және осы күнге дейін ол туралы хабар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-анасының айтуынша, сол күні Настя өзінің жігіті 2000 жылғы Александр Кольцовпен бірге кеткен. Екі жасты қаладан көрген бірнеше адам табылыпты, алайда олар байланысқа шықпаған. 


Анастасия Курчатова. Суретті туыстары жіберді

"Олардың кездесіп жүргеніне үш-ақ апта болды. Ол қызымыздан бірнеше жас үлкен. Осы жағдай туралы қызымызбен ұрыспай жай ғана сөйлесіп көрдік, асықпауды сұрадық. Алайда Настя ештеңе естігісі келмеді. Ол бала кезден жауапкершілігі мол әрі мақсатына жетуге талпынып өсті, алайда осы 20 күннің ішінде оны ауыстырып қойғандай. Үйден ол тығылып шыққан", - деді жоғалған қыздың анасы Татьяна Курчатова. 

Татьяна Анастасия мен Александрдың әлеуметтік желідегі парақшаларын бақылап отыр. Екі жас бір тәуліктен аса онда кірмеген. 

Оларды іздеуге полицейлер кірісті. Еріктілер де өз көмегін ұсынып жатыр: бүгін олар қала маңын тексереді.

Қандай да бір мәліметі бар адамдарды мына нөмірлерге хабарласуды сұралады:  8 778 793 37 89, 8 701 414 51 69, 8 701 473 78 21 немесе 102. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети