Алматы облысы Қаскелең қаласының 57 жастағы тұрғыны Алматы - Екатеринбург тасжолында Балқаш қаласына жақын маңда жол-көлік оқиғасынан қаза болды. Оның ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы Қаскелең қаласының 57 жастағы тұрғыны Алматы - Екатеринбург тасжолында Балқаш қаласына жақын маңда жол-көлік оқиғасынан қаза болды. Оның ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты болған жерде куәгерлер оқиғаның видеосын түсірген. Видеода қирап қалған Volkswagen Passat маркалы көлігінен 57 жастағы жүргізуші мен жолаушы шығарып жатқаны түсірілген. Видео авторының айтуынша, жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған, ал оның ұлы тірі қалған. Оларды көліктен шығару үшін арнайы құтқару құрылғылары қажет болған, себебі олар көлік ішінде қысылып қалған. Сондай-ақ видео авторы жүргізушінің көлік тізгінінде болып, ұйықтап кеткен болуы мүмкін екенін айтады.
Оқиға орнына Қарағанды облыстық ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің мамандары аттанған. Орталық басшысының айтуынша, жүргізуші шын мәнінде жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Ал екінші адам ауруханаға жеткізілген.
"Алматы-Екатеринбург тасжолының 792-ші шақырымында Ақшатау ауылынан 8 шақырым жерде Volkswagen Passat маркалы автокөліктің жол бойындағы қоршауды бұзып өткені туралы хабар 30 сәуірде 05:18-де түскен. Біздің мамандар дереу оқиға орнына барып, 1961 жылғы ер адамды және оның ұлы 1989 жылғы жігітті көрген. Амал не, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал оның ұлы көптеген жарақатымен ауыр халде Ақсу-Аюлы ауылындағы орталық ауруханаға жеткізді", - деді ведомство өкілі Қуат Хайдаров.