Із-түссіз жоғалып кеткен Қарағанды облысы Атасу ауылының тұрғыны жазық далада өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Із-түссіз жоғалып кеткен Қарағанды облысы Атасу ауылының тұрғыны жазық далада өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД өкілдері 55 жастағы ер адамның 29 наурызда таңғы уақытта мал іздеуге шыққанын айтады. Соңғы рет ол түске таман байланысқа шыққан, ал түн жарымда оны іздеу шаралары басталған.
Ер адамның денесі табылған жерде түсірілген куәгерлер суреті
"Жедел іздеу шараларын жүргізу үшін Қарағанды облыстық ТЖД жасақтары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Іздеу шараларына жолдың болмауы кедергі келтіріп, жаяу жүргіншілер кірісті. 30 наурызда түнгі 03:00-де көру мүмкіндігі төмен болуына байланысты іздеу шаралары уақытша тоқтатылып, 06:00-де қайта жалғасты. 13:37-де Жаңаарқа ауаны Атасу ауылынан алты шақырым жерде іздеу жарияланған ер адамның мәйіті табылды", - деді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Ер адамның неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болатыны айтылады.