18 ақпан 2019 08:32

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апат 17 ақпанда сағат 17.00-де Акой ауылынан 15 шақырым жерде, Қарағанды-Атасу тас жолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы Audi жүргізушісі Қарағанды бағытында келе жатып, көктайғақтан рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mazda автокөлігімен соқтығысқан.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi көлігіндегі төрт жолаушы алған жарақаттарынан сол жерде-ақ мерт болды. 37 жастағы Mazda жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазір ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram