Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты видео кадры

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 маусымда сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург тасжолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети