Қарағанды облысында жол апатынан алты адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам мерт болды ©Tengrinews.kz

Қарағанды облысында тас жолда үш машина соқтығысып, алты адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында тас жолда үш машина соқтығысып, алты адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы Қарағанды - Балқаш тас жолында, Ақтоғай ауданының Гүлшат аулына жақын жерде болған. Қазіргі кезде оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 5-те болды. Lada Priora, ВАЗ-21010 және Hyundai маркалы үш машина соқтығысып, алты адам ажал құшты. Әзірше қай автомобильдің жолдың қарсы бетіне шыққаны белгісіз. Оны тергеушілер анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы - "Екі және одан да көп адамның өліміне себеп болған жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында да ірі жол-көлік апаты болды. Орал - Атырау тас жолында Ресейден келген туристер жанұясы апатқа ұшырады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети