19 ақпан 2017 11:37

Қарағанды облысында жол апатынан ауыл әкімі зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ysia.ru © ysia.ru

Қарағанды облысының Сарыөзек ауылының әкімі Жұмаш Жиренбаев Теміртау-Ақтау тас жолында жол-көлік оқиғасынан зардап шекті. Қызметтік көлікте онымен қатар тағы бес адам болған, олардың барлығы Теміртау қаласындағы орталық ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, Reno Duster қызметтік көліктің жүргізушісі басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бағытында келе жатқан Lada Priora автомобиліне соғысқан. Зардап шеккен бес адам Теміртау қаласындағы аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған, тағы біреуін травматология бөлімінде қарап шыққаннан кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберген. 

"Олардың ешқайсысы жансақтау бөліміне жатқызылған жоқ, барлығының да жағдайы тұрақты. Олардың денсаулығына қауіп жоқ", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мамандары. 

Айта кетейік, Сарыөзек ауылының әкімі болып, Жұмаш Жиренбаев 2016 жылдың 8 желтоқсанында отырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети