Жезқазған - Сәтбаев автожолында үш көлік жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел мен оның қызы қаза тапты, тағы алты адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жезқазған - Сәтбаев автожолында үш көлік жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел мен оның қызы қаза тапты, тағы алты адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы барған. Куәгерлер жол апатының суреттерін жариялап жатыр.
"Көз алдымда болды. Шамамен күндізгі сағат үштерде. Мен сол жақтан өтіп бара жатқан едім, сұмдық болды", - дейді куәгерлердің бірі.
Облыстық орталықтың қызметкерлері жол-апатының мән-жайын айтып берді.
" KIA, ВАЗ және Toyota көліктері соғысып қалды. Сәтбаев қаласынан төрт шақырым жерде болды, Жезқазған - Сәтбаев автожолында. Сәтбаевтан жедел жәрдем қызметінің екі бригадасы бар. Алты адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Зардап шеккендер - Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары. Ол осы екі қаладағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнында 1983 жылғы әйел мен оның 2009 жылғы қызы қаза тапты. Олар - Сәтбаев қаласының тұрғындары. Қайтыс болған әйелдің тағы бір 2015 жылғы баласы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысындағы медицина және апат орталығының басшысы Қуат Хайдаров.