Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан 5 жасар бала жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды облысыныдағы Абай қаласының бір мейрамханаларының алдында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші басқаруды игере алмаған.
Жол апатына куә болған адамдар видеоға түсіріп, Instagram желісіне жүктеген. Кадрда сұр түсті Toyota маркалы көлік түсірілген, ол тура мейрамхананың есігінің алдында тұр. Көліктің алдында сынған терезе де түсірілген. Полицейлер тексеріп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, баланы қаққан кезде жүргізуші екі аяғына нық тұра алмаған. "Бүгін "Бомонд" мейрамханасының алдында мас жүргізуші баланы қағып кетті", - делінген видеода.
ІІД басапасөз қызметінің ресми мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, аранайы сараптамалар тағайындалды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына орта деңгейдегі ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші басқаруды игере алмай 2011 жылғы баланы қағып кеткен. Ары қарай кафеге барып соғысқан. Арнайы сараптамалар жүргізіліп жатыр, жүргізушінің анализдері алынды", - деді баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Зарадап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Ол басында жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның бас сүйек миы ашық түрде жарақат алған. Кейінірек баланы палатаға ауыстырды.