Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аудалырып түсті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД өкілдеріне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аудалырып түсті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ПД өкілдеріне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Новодолинский ауылының маңындағы автожолда болды. №121 автобус оған соғылған жеңіл көліктің кесірінен жыраға түсіп кетті.
Апат кезінде қалааралық автобус салонында 40 жолаушы болған. Полиция мәліметінше, апатқа 29 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі себеп болған. Ол Шахтинск қаласына қарай бара жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кетеді де SANOS маркалы автобуспен соқтығысады. Оқиға болған жерде түсірілген видеодар Желіде жарияланды. Кадрларда жолаушылар аударылған автобус салонынан өз бетінше шығып жатқаны көрінеді, бірнеше жедел жәрдем көлігі де бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"121-ші автобусты 29 жастағы жүргізуші басқарған. Жол апаты салдарынан автобус жыраға аударылып кеткен. Ондағы 65 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып, Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!