Қарағанды облысында жолаушылар отырған автобус жолдың шетіне ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында жолаушылар отырған автобус жолдың шетіне ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері түнгі уақытта Ақсу-Аюлы-Ақтоғай тасжолының 10-шақырымында Алматы-Жезқазған бағытымен бара жатқан 27 жолаушы отырған халықаралық автобустың жолдың шетіне ұшып кеткенін хабарлады.
"Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшесінің құтқарушылары сағат 00.49-да оқиға орнына барып, жолаушыларды Ақсу-Аюлы ауылына көшіріп, №27 спорт мектебіне орналастырды. Жолаушыларға басқа автобусты күтуге тура келді. Медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қарағанды облысында осымен екінші тәулік бойы желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткенін айтып өтті.
Айта кетейік, кеше кешкі сағат 19.30-дан бастап Жезқазған-Петропавл тасжолы жабылған болатын.