17 ақпан 2015 18:59

Қарағанды облысында қамауда отырған адам асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©svopi.ru ©svopi.ru

Қарағанды облысында уақытша ұстау изоляторында қамауға алынғандардың бірі асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға Жаңаарқа ауданының Атасу елді мекенінде болды. 39 жастағы ер адам ақжаймаға асылып қалған. Аудан полициясының мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі - суицид. 

"Әбілғазы Бәкіров 12 ақпан күні бұзақылығы үшін ұсталған. Сол күні аудан соты оны 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Кеше оның қамауда отырғанына төрт күн болған еді. Бірақ бізге полициядан хабарласып, Әбілғазының асылып қалған күйі табылғанын айтты. Оның өзін-өзі өлтіргеніне сену қиын", - дейді ер адамның туыстары. 

Тұтқын изолятор камерасының темір есігінің торына байланған ақжаймаға асылған. Тұрақ кезекшісінің айтуынша, ол ас блогына барып, тұтқынға кешкі ас алып оралған кезде ер адамның қайтыс болғанын көрген. Марқұмның туыстарының хабарлауынша, облыстық ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы аудан прокуратурасымен бірге сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети