Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 18 шілдеде "Қарағанды-Ботақара" автожолында "Шансиман" жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция қызметкерлері отырған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соғысып қалған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жол апаты салдарынан арнайы көлікте отырған полицияның екі қызметкері жарақат алып, Қарағандының орталық ауруханасына жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.