Қарағанды облысында МАЭС-2-де жарылыс болды: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында МАЭС-2-де жарылыс болды: бір адам қаза тапты Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында ГРЭС-2-де бу құбыры жарылып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ГРЭС-2-де бу құбыры жарылып, ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, апат Абай ауданында орналасқан МАЭС-2-де болған.

"Кazakhmys Еnergy" ЖШС ақпараты бойынша, 1958 жылғы ер адам қаза тауып, үш адам зардап шекті: 1975 жылы туған әйел мен 1971, 1980 жылғы ер адамдар. Зардап шеккендер 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

ТЖД өкілдері бұл оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына әсер етпегенін атап өтті. Қазіргі уақытта "Кazakhmys Еnergy" жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тексеру комиссиясы құрылатынын мәлімдеді. Тергеу нәтижелері кейінірек хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети